Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Қазақстандағы кейбір валюталық депозиттер бойынша шекті мөлшерлеменің көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Мөлшерлеме 2,5%-ға дейін көтеріледі ҚДКБҚ мәліметінше, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді реттеуді ырықтандыру аясында кейбір валюталық депозиттердің шекті мөлшерлемесі өзгереді. Бұл кезеңде өзгеріс мерзімі 12 айдан асатын жинақ депозиттеріне ғана қатысты болады. …