Қазақстанда күзде өтеді деп жоспарланған кезектен тыс президенттік сайлаудың болжамды күні аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Сайлау қарашаның бірінші жартысында, шамамен 13 күні өтеді деп күтілуде», – деп жазадыҚазТАГсенімді дереккөзге сілтеп. Конституцияға сәйкес, кезекті Президент сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтеді және Республиканың жаңа парламентінің сайлауымен сәйкес келмейді. Ал кезектен тыс президент сайлауы мемлекет басшысының шешiмiмен тағайындалады