ҚР автокөлік одағының басшысы Сәбит Аманбаев, қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәртебесін дәрігерлер мен мұғалімдердікі секілді көтеріп, жалақысы орташа айлық жалақыдан жоғары болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Информбюро ақпараттық бағдарламасы. Аманбаев осы арқылы бұл саладағы қызметкерлердің тапшылығын шешуге болады деп санайды. Қазақстанда қоғамдық көліктерде әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша 25 мың жүргізуші қажет болса, олардың саны