Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал, бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болды. Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға