Магистратура, докторантура гранттарының құны кемінде бакалавр гранттарының құнымен теңесуі керек. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай мәлімдеді. Елімізде жоғары оқу орындарының басым көпшілігі әлі зерттеу форматына көшкен жоқ. Бірнеше себеп бар. Біріншісі – жоғары оқу орындарының ректорларының өздері магистрларды, PhD докторанттарды даярлауға құлықсыз. Неге десеңіз, магистратура грантының құны 380 мың теңге. Ал бакалавриат