Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік, негізгі ҰБТ, Алакөлге тікелей рейстер – мамыр айындағы өзгерістер туралы қысқаша шолу. Зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады Былтыр қыркүйекте президент тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырған болатын. Осыдан кейін ішкі істер министрлігі бірқатар заңнамалық өзгерістер әзірледі. Біріншіден, тұрмыстық құқықбұзушылықты тіркеу арыздану сипатынан анықтау сипатына ауыстырылады. Бұл жәбірленушілердің арыз жазғанын күтпей-ақ, зорлық-зомбылық фактісі