23 қарашада ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов парламент сайлауының 2023 жылдың бірінші жартысында өтетінін айтты. Ерлан Қошанов бұл туралы президент жариялайтынын нақтылады. 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. ОСК мәліметінше, 8,3 миллион қазақстандық дауыс берді.