Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша ережелерді түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыруды өткізу туралы жариялаған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында бұдан бұрын қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді. 11