Қазақстанда «аз қамтылғандар» саны шамамен 40 мың адамға өсті, дейді finprom.kz сарапшылары. 2022 жылы Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі — кедейшілікті жоюға қадам басқан жоқ. Еске салайық, 2016 жылы Қазақстан тұрақты даму саласындағы «Күн тәртібі 2030» халықаралық бағдарламасына қосылып, 17 ТДМ жүзеге асыру міндетін алды. Олар экология, гендерлік теңдік, инновация, кедейшілікке қарсы күреске қатысты.