ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм-каналында жоғары оқу орындарын қайта профильдеу бойынша жұмыс жүргізілгенін және білім беру сапасы төмен оқу орындарының лицензиясынан айырылғанын айтты. Елімізде тағы 6 университетті жабу туралы шағым сотқа жіберілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.