Қазақстанда бедеулікке қатысты ресми статистика өсіп келеді. 2021 жылы мұндай диагнозбен тіркелген қазақстандықтардың саны 21,8% көбейіп, 21,4 мың адамға жеткен. Оның ішінде 7,9 мың азамат фертильді проблемаларды алғаш рет байқап, тіркелгендер. Жалпы ресми статистикада әйелдердің үлесі көп. Аталған кезеңнің аяғында денсаулығына байланысты жүкті бола алмаған 19,9 мың қазақстандық әйел (22,8% көбейген) еліміздің медицина мекемелерінде тіркелген.