2024 жылдан бастап бизнесті мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады. Үкіметте кәсіпкерлік саласында «таза парақтан» реттеуді енгізу және бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды. ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров автоматты функционалдығы бар Smart Data Ukimet платформасы пайдалануға дайын екенін айтты. Ол қазіргі уақытта жұмыс апробациясынан өтуде. Осылайша, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың автоматтандырылған