Әсіресе, саяси өмірдегі соңғы жаңалықтар ертеңге деген сеніміңді күйретіп тастайды. Бір жағынан, белсенділерді түрмеге қамау, цензураны одан әрі күшейту, ашықтан ашық журналистерді «сатып алу» жүріп жатса, екінші жағынан, жоғары трибуналардан әділеттік пен жауапкершілік туралы сөз қозғалып, азаматтарға қалай адал болу керектігі үйретіліп жатады. Мұндай диссонанс туғызатын жағдай біздің қоғам үшін үйреншікті екені түсінікті. Көпшілік жүйені