Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүрген жерінен белдігіне асылып өлген сарбаздың анасы шындықтың ашылуын қалап, үндеу жолдады. Ол баласы өз-өзіне қол салды дегенге сенбейді. Оның айтуынша, ұлын өлімге баз біреулер итермелеген. 19 жастағы Еділ Тешебаевтың өлімі қазір қоғамда үлкен шу туғызып тұр. Оның әскерге сау кетіп, өз-өзіне қол салғаны жақындарын да әбден қажытып жіберген. […]