Қазақстандық Омар Асербеков пен Григорий Щукин Альпідегі ең күрделі классикалық бағыттардың бірін бағындырған алғашқы қазақстандықтар атанды. Олар Берн Альпілеріндегі Эйгер шыңына (3 970 м) Хекмайердің классикалық бағыты арқылы көтерілді. Бұл әлемдік альпинизмдегі ең әйгілі әрі техникалық жағынан күрделі бағыттардың бірі. 1935 жылдан бері мұнда 60-тан астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңалықтар