Оңтүстік Кореяның Ванджу қаласында ITF J300 сериясындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ұлдар арасындағы турнирдің бірінші нөмірлі жұбы Әмір Омарханов пен Хойонг Рох (Корея) финалда корейлік Йенсу Джейонг/Джангжун Ким жұбын 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.