Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев отандық ақпарат порталына берген сұхбатында мәлімдеді. 2022 жылғы 1 маусымда Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті еліміздің авиациялық билігі мен қазақстандық әуе тасымалдаушылардың Еуропаға ұшуына қатысты ресми шешімін жариялады. ИИДМ басшысы Еуропаның 27 мемлекетінің билігі отандық әуе тасымалымен айналысатын компанияларға кәрі құрлыққа ұшуға шектеу қоймайтыны жайында […]