Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мәлім болғандай, енді блогерлер жариялайтын жарнамалар міндетті таңбалауға жатады. Таңбалауға инфлюенсерлер (блогерлермен) коммерциялық және шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнама жатады. Таңбалау оны нақты сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылады. Таңбалау орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқауды қамтиды,