ҚР Қаржы министрлігі қазынашылығының арнайы шотында 120 млрд теңге жинақталған. Жемқорлардан алынған бұл қаржы ел бойынша мектеп құрылысына жұмсалады. Бұл туралы Сенат кулуарында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті. Бірінші кезекте бұл ақша мектептерді жөндеу жұмыстарына бағытталмақ. Қазіргі уақытта бұл шотта 120 млрд теңге бар. Біз Оқу-ағарту министрлігінен өтінімдер күтеміз. Жөндеуді қажет ететін мектептерге