Қазақстандық журналист, қоғамдық-саяси бағыттағы «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков 58 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі басылым ұжымына сілтеме жасап. «Оның өмірсүйгіштігі, азаматтық белсенділігі мен мақсатқа ұмтылуы – бәрімізге үлкен үлгі болды. Біз оны әрқашан жаны жомарт, жанашыр басшы әрі адал дос ретінде есте сақтаймыз», – деп жазды редакция. Тараковтың өліміне не себеп болғаны айтылған жоқ. «Лев Юрьевич – жарқын медиаменеджер, шығармашыл тұлға, дарынды азамат және тамаша публицист. Көп жылдан бері оны жеке танып, бірге жұмыс істеуге мүмкіндік болғаныма қуаныштымын. Бүгін Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді», – деп жазды мәдениет министрі Аида Балаева Facebook парақшасында. […]The post Қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Жаңалықтар































