Қазақстан көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен төтенше жағдайларды тергеп-тексеру департаменті былтыр желтоқсанда Ақтау түбінде апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағына қатысты аралық есеп жариялады. Құжатта әуе кемесінің зақымдануына оқ-дәрі бөліктерінің зақымдаушы элементтері әсер еткен болуы мүмкін деген тұжырым жасалған, деп хабарлайды Ulysmedia.