Қазақстан халық партиясының жетекшісі Ермұхамет Ертісбаев бұл жайында You-Tube арнасындағы Арманжан Байтасовтың Live бағдарламасында айтты. Оның айтуынша, 4 қаңтарда қазақ халқы көтеріліске шықты. 5 қаңтар күні бейбіт ереуіл контрреволюцияға айналды. Халықты пайдаланып алаңға қылмыскерлер мен ұрлықшылар да шығып, заңсыз әрекеттерге елді бастап, дүрбелеңге салды. Осылайша ереуіл қанды қырғынға айналғанын сөз етті. – Тоқаевқа жаңа саяси […]