Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады. Бұйрық бойынша елдегі барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталса, соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылады.