Өткен аптада Қазақстан спортшылары ірі халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Кәсіпқой спорт әлеміндегі басты оқиғаның бірі Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындары. Қазақстан намысын 125 спортшы қорғап жатыр. Қазіргі таңда велоспорттан біздің құраманың қоржынында 5 алтын бар. Артем Захаров (омниум) Рината Сұлтанова (омниум, 10 км ұпайлық жарыс, 3 км жеке жарыс),