Ипотека рәсімдеу кезінде халыққа қызмет көрсету орталығына барудың енді қажеті болмайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады. «Неліктен азаматтар ХҚО-ға барады? Егер әрбір қызметті қайта қарастырып, үдерістерді дұрыстап ойластыратын болсақ, ХҚО-да ұзынсонар кезек те болмас еді. Мысалы, жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер бойынша ХҚО-ға халық үш жағдайда жүгінеді. Бірінші топ […]