30 тамыз – Конституция күні. Осыған орай қазақстандықтар тамыз айында қатарынан үш күн демалады деп хабарлады turkystan.kz «Электронды үкімет» порталына сілтеме жасап. Конституция күні сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, тамыздағы демалыс күні дүйсенбіге, 29 тамызға ауыстырылды. Осылайша, қазақстандық мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.