ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореядағы еңбекке рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (бұдан әрі – EPS) енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.