Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында визалық режимді жеңілдету жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Брюссельде құжаттар санын азайтып, визаларды ұзақ мерзімге беру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен мәлімдеді.