Қазақстандық хабарландыру сайттарында Донбасс өңіріндегі ғимараттарды қалпына келтіру бойынша вахталық жұмыстар пайда бола бастады. Хабарландыру мәтініне сәйкес, жұмысшыға аса үлкен талап жоқ, тек қана жұмысқа ниеті болса жеткілікті. Жалақы апта сайын төленеді және 800 мың теңгеден 1 миллионға дейінгі аралықта. Жұмыс беруші вахтаға тегін көлікпен апаруға, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеуге уәде береді.