Алматыда Үндістаннан жеткізілген құны 43,4 млн теңге болатын дәрі-дәрмек тәркіленді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл наурызда комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері қалалық ЭТД-мен бірлесіп, Авиациялық көлік прокуратурасы бастамасымен Үндістаннан әкелінген контрабанданы тәркіледі. Оның таза салмағы – 356 келі. Күдіктілер «Тағамға биологиялық белсенді қоспа» деп жазылған 54 449 дана дәрілік заттың партиясын