Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, делінген хабарламада. Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.