ІІМ құны 80 млн теңге болатын 3 келіден астам алтын контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Алматы әуежайы арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз әкетуді жүзеге асырмақ болған қылмыстық топ қызметі ұсталды. Контрабанда мемлекеттік бақылауды аттап өтіп, көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы жүзеге асырылған. Алматы қаласының халықаралық әуежайында Көліктегі полиция департаментінің