ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун Жапонияға тікелей рейстерді қалпына келтіру мәселелерін талқылады. Бұл туралы ААК баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар екі ел арасындағы рейстерді орындау үшін авиациялық билік құрған құқықтық базаны, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын қанағаттанушылықпен атап өтті.