Қазақстан қажылық миссиясы қасиетті Мекке жерінде ұлы сапарға келген отандастарымыздың дін аман екенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. Миссиядағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлының айтуынша, медициналық орталық көмегіне 14-16 маусым күндері 703 қажы жүгінген.