Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді алып өтпек болғандар ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. «Қайрақ» автомобиль өткізу бекетінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жүк бөлігінде әскери киімдер болған «Газель» көлігін ұстады», делінген ақпаратта. Дереккөз