Екі вайнер төңірегіндегі шу былтыр 12 желтоқсанда сотқа жолданған еді. Олар қаржы пирамидасын жарнамалады, халықты алдады деген күдікке ілінді. Әрине, халықтың арасында қуанғандар да болды, жаны ашитындар да табылды. Егер халық өзінің білімсіздігінен болмайтын жерге ақшасын салса, бұлардың не кәнісі бар деген сұрақ туындайды. Біздің халық еліктегіш. Кім не айтса, соны істейтіндері, аңқауланып жүретіні күйдіреді.