"Әділет" партиясының II съезінде сөз сөйлеген партия төрағасы Айбек Дәдебай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформаларын толық қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, партияның болашағы мен табысы орталықта емес, өңірлердегі белсенді жұмысқа байланысты болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.