Қазақстан теннисшісі Анна Данилина жұптық сайыста WTA250 BNP Paribas Poland Open турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. Турнирдің финалында Анна Данилина неміс теннисшісі Анна-Лена Фридзаммен жұптасып, корт қожайындары Катарзына Кава – Алисия Росольсканың дуэтінен басым түсті. Кездесу 2 сағатқа созылып, 6:4, 5:7, 10:5 есебімен Қазақстан-Германия жұбының пайдасына шешілді. Анна Данилина