Шымкенттегі «Химфарм» зауытында әзірленген SIGLETIC 100 мг №28 препаратының 7841 қаптамасы Болгарияға жөнелтілді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Дәрінің құрамы Аталған дәрі құрамында ситаглиптин бар. Ол екінші типтегі қант диабетімен ауыратын ересектердегі қандағы глюкоза деңгейін бақылауға қолданылады. Өнімді «Химфарм» АҚ өндірген. Кәсіпорын халықаралық Polpharma Group құрамында және дәрілері SANTO сауда белгісімен шығады. Өндірісті жаңғыртып, халықаралық талаптарға сәйкестендіруі …