Соңғы уақытта елімізде желіде миллиондаған оқырманы бар атақты адамдар жаппай хиджаб киіп, дінге адалдықтарын көрсете бастады. Қазақстандағы мұсылмандар хиджаб киюі керек пе, әлде мұның бәрі шетелдің дәстүріне таңсық болып жүргендердің әуестігі ме деген даулар қоғамда бұрынғыдан бетер көбеймесе, азайған жоқ, деп жазды Ulysmedia.kz. Мысалы, тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтты. Біздің өз мәдениетіміз