Жаңа Қазақстанның аяқ алысына көңілі толмайтын қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Өзгерістен үміт үзе бастаған олар комфортты өмір сүретін орта іздеуде. Ол үшін құрлық асуға да әзір. Ал, шалғайдағы Канада дейтін бай-бақуатты елге жұмыс күші жетіспей жатыр, деп жазады Dalainside. Туу көрсеткіші төмендеп, адами капиталдың потенциалы сарқылу үстінде. Елде зейнеткерлердің саны күрт өскен, ал қолға күрек