Қазақ халқы үшін қарақалпақ жерінің алар орны ерекше. Өйткені бұл елде қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің көптеген асыл қазынасы қаймағы бұзылмай қаз-қалпында сақталған. Солардың бірі – жыраулық өнер. Бесқала жыраулық дәстүрі деп жиі айтылатын бұл өнердің санғасырлық тарихы бар. Мұндай сан ғасырлық тарих осы дәстүрімен жырлайтын өнерпаздардың сөз қолданысындағы өзгеше теңеулерден, ерекше әуендерден айқын аңғарылады. …