Адамзат тарихында үнемі локалды мәдени ошақтар пайда болып жатады… Осындай кездері ол жерлерде кіндікке байланған тартылыс күшінен қашу орын алады. Орта ғасырларда бұл «бір орталыққа бағынған діннен» қашу арқылы көрініс тапты. Еуропада католиктер мен протестанттар соғысы және лютерандық пен праволавиенің пайда болуы - осының айғағы. Жақында ғана Орыс шіркеуінен Украина шіркеуінің бөлініп шығуы да содан.