Жамбыл облысындағы Жатанас кенішіндегі кеншілер бас көтерді. Наразылық акциясында олар жалақыны көтеруді, экология төлемдерін қайтаруды, еңбек жағдайларын жақсартуды және қауіпсіздікті талап етті. Қарсылық акциясы болған жерге зауыт басшылығы, әкімдік және прокуратура өкілдері келді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал жалақы туралы шешімді 29 қарашаға қалдырды. Әңгімелесуден кейін наразылық білдірушілер жұмыс орындарына тарқады.