Түркістан облысында кене шаққан 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Дәрігерлер оның конго-қырым геморрагиялық қызбасынан қайтыс болғанын айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info. Түркістан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесовтің айтуынша, науқас кене шаққаннан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. 2023 жылдың басынан бері облыстың медициналық ұйымдарына кене шаққан 985 адам жүгінген. Өкінішке қарай, науқастың уақтылы медициналық көмекке