Түркістан облысы Кентау қаласындағы “Ризық Рауаны” фастфуд тамақтану орталығындағы асқа уланғандар саны 93-ке жетті. Олардың - 41-і бала, үшеуі жүкті әйелдер. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Кентау қалалық орталық ауруханасының дерегінше, уланғандар ауруханаға 27 маусымда түсе бастаған. Жан сақтау бөліміне жатқызылғандар бөлімшелерге шыққан. Уланғандардың үшеуі – жүкті әйел, 41-і – 14 жасқа толмаған