Біздің елде соңғы ширек ғасырдан бергі дәуірде «түрлі сынақтардың полигонына айналған» сала – білім беру саласы. Оны сол салада жүргендер ғана емес, жалпы халық та жақсы біледі. Алдымен оқулықтар кеңестік кезеңдегі идеологиядан тазартылды. Бұл ең дұрыс өзгеріс еді. Бірақ кейін өзгеріс енгізу сәнге айналып кетті ме, әйтеуір Білім министрлері ауысқан сайын бір өзгеріс пайда болатын …