«Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Аян Зейнуллин мәжіліс отырысында киіктерге қатысты мәселені реттеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz. Депутаттың сөзінше, қазір жағдай мүлде басқаша болып тұр. Оған себеп - киік санының күрт көбеюі. Бұл шаруашылыққа жайлы емес. Кейінгі мәліміттерде киік саны 2 миллионнан асқаны айтылады. Оның 90%-ы Қазақстанның батысында. Негізінде салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан