Шілденің 6-сы күні Ресей соты Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысын 30 күнге тоқтату туралы шешім шығарған болатын. Ресми мәліметке сүйенсек, тексеріс кезінде экологиялық талаптардың сақталмағаны анықталған. Сол кезде сарапшылар ел мұнайының 82 пайызы экспортталатын құбыр жұмысының тежелуі экономиканы шатқаяқтатуы мүмкін екенін айтқан еді. Сарапшылардың сөзін Үкіметтің осы мәселеге қатысты шұғыл жиын өткізуі нақтылағандай болды. Дегенмен …