Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы электронды темекіге байланысты пікір білдірді. «Электронды темекі – ішінде химиялық қоспасы мен сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин және улы заттарды жеткізетін темекінің жаңа түрі» дей келе ҚМДБ баспасөз қызметі бірқатар ғалымдар темекінің денсаулыққа зиян әрі ысырап екенін алға тартып, темекі шегуді харам дегенін еске салды.